Жусан иісі аңқып тұр: Дубайдағы EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильоны қонақтарды қабылдай бастады
Павильон шығыс стилінде жасалған және заманауи техникалық құралдармен толықтырылған. Оның кіреберіс доғасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген. Ал ішінде даланың иісі аңқып тұр, бұл жусан иісі бар арнайы хош иістерге байланысты.
Көрмеге 192 мемлекет қатысады, шамамен 25 миллион қонақ келеді деп жоспарланған. Еске салайық, Дубайдағы Дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан павильонына 488 млн теңге жұмсалады.
Дереккөз: Tengrinews
Фото: Мейірім Смайыл