Жұмыс берушілер жыл сайын жалақыны көтеруге міндеттелуі мүмкін

Жекеменшік компаниялар инфляция деңгейіне қарай қызметкерлердің жалақысын индексациялауға міндеттелуі мүмкін. Ұжымдық шартқа осындай өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Ұжымдық шарттардың көбінде жыл сайынғы индексация туралы норма қазірдің өзінде бар. Бірақ онда жұмыс берушілер индексация жасауға міндетті емес, құқылы деп жазылған. Министрдің айтуынша, бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынас болғандықтан, олар келісімшарт бекіткенде, мемлекет араласпайды. Алайда енді депутаттар мұны міндеттеуді және ұжымдық шартқа жалақы индексациясын енгізуді ұсынып отыр.
«Біз депутаттардың ұсынысын қарастырып жатырмыз және қолдаймыз»,
— деді Дүйсенова.
Дереккөз: Спутник