Жонглерлік өнерді меңгерген колумбиялық жасөспірім Рубик кубигін жинаудан рекорд орнатты
20 жастағы Анхель Альварадо үш бірдей Рубик кубигін ауаға лақтырып, қағып алу кезінде текшелерді қозғалтып үлгерген.
Осылайша жігіт 4 минут 31 секунд ішінде кубиктерді жинаған. Бұл жетістікке жету үшін Анхель екі жыл бойы жаттыққан. Ол өз рекордын жаңартты. Былтыр Колумбия тұрғыны Рубик кубиктерін ауаға лақтырып, бас қатырғышты 4 минут 52 секундта жинаған болатын.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы