Жердің бір Жері: Ұлыбританияда шалғайда орналасқан үй 880 млн теңгеге сатылып жатыр
200 жыл бұрын салынған ғимарат алғаш рет сатылымға шығып тұр. Ол 1829 жылы Камбрия графтығында граф Эгремонттың бұйрығымен тұрғызылған.
Ауданы 14 мың шаршы метр үйде 6 жатын бөлме бар. Басқа онда ештеңе жоқ: байланыс та, интернет те, электр қуаты да жоқ. Үй тек күн сәулесі арқылы электр қуатымен қамтамасыз етіледі, ал суды ағаш пешінде жылытуға тура келеді. Ең жақын трассаға шығу үшін 2 шақырым жол жүру керек. Десе де, бұл бәрін тастап, табиғат аясына қашып кетуге арналған керемет жер. Әрине, қалтаңда 1,5 млн фунт стерлинг болса.
Дереккөз: Daily Mail