Жеңілмеген Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

⚽ Спорт
28.06.2021
Просмотров: 104
алимханулы1

«Чемпиондар, қайдасыңдар? Мен сендерді нокаутқа түсіргім келеді»,

— деп жазды қазақстандық боксшы Твиттерде.

Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпиондары қатарында Геннадий Головкин, Деметриус Андраде, Джермалл Чарло және Риота Мурата бар. Еске салайық, 28 жастағы Жәнібек Әлімханұлы мен 30 жастағы америкалық Роб Бранттың арасындағы жекпе-жек кеше Лас-Вегаста өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раунда нокдаунға жіберді, ал сегізінші раунда Брант жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бұл Әлімханұлының оныншы жеңісі.

Так же вам может быть интересно