Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айында іске қосылады
Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады.
«Қазіргі кезде министрлікте (индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) нормативтік актілер әзірленіп жатыр. Бағдарлама сәуір айында іске қосылады»,
— деді Скляр
Еске салайық, жеңілдетілген бағдарламаның негізгі шараттары: автокредит 7 жылға беріледі. Жылдық мөлшерлемесі — 4 процент. 10 миллион теңгеге дейінгі автокредиттер беріледі. Ал көлік одан қымбат болса, қалған соманы сатып алушы өз қалтасынан төлейді.
Дереккөз: Спутник