Желіде Tik Tok-қа бәсекелес Nutson қосымшасы танымал болды
Онда қолданушылар челленджге қатысып, ақша таба алады. Ал жаңадан бастап жатқан блогерлердің қызықты тапсырмаларды ойлап тауып, аудиторияларын кеңейтуге мүмкіндіктері бар.
Челленджге қатысып, ақша табу үшін алдымен сыйақы белгіленеді. Содан кейін оны орындап, ең көп лайк жинаған блогер сыйақыны алады. Қосымша биыл мамырда пайда болды, ал күзге қарай танымал болды. Қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірелері қосымшаны мақтап жатса, екіншілері одан күдіктенеді. Мысалы, қосымшаға тіркелу үшін банк картасының нөмірін жазу керек. Бұл ақылы челленджерге қатысуға мүмкінді береді. Сонымен қатар, кей қолданушылар қосымшаның әкімшілігі лайктарды әділсіз жолмен жинап, сыйақыны өздері бөліп алады деп күдіктеніп отыр.
Дереккөз: Medialeaks