Жаз маусымында курорттық аймақтырға қатынайтын рейстер мен пойыздардың саны артады

🇰🇿 Новости Казахстана
27.05.2024
Просмотров: 116

Мәселен, Астана мен Алматыдан аптасына 36 рейс жиілігімен Балқаш және Алакөл көлдеріне әуе рейстері орындалады.

Сонымен қатар Алакөл көлінің бағытында қосымша 3 Тальго пойызы мен 3 стандартты пойыз жүре бастайды. Қазіргі таңда жылжымалы құрамды жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта жаңғырту, сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау бойынша іс-шаралар атқарылуда.

  1. Алматы қаласынан:

— Үржарға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 7 рет «Южное небо» әуе компаниясымен орындалады. Сондай-ақ биыл 1 шілдеден бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;

— Үшаралға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 10 рет «Южное небо» әуе компаниясы орындайды. Сонымен бірге 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қоспақ;

— Балқашқа дейінгі коммерциялық рейстерді «Южное небо» әуекомпаниясы орындайды, аптасына 3 рейс (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

  1. Астана қаласынан:

— Үржарға 1 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;

— Үшаралға биыл 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Алакөл көлінің бағытында қосымша 3 Тальго пойызы мен 3 стандартты пойыз жүре бастайды:

1.​№254/253 «Астана-Достық” (тальго);

2.​№211/212 «Алматы-Достық»(тальго);

3.№207/208 «Алматы-Достық»(тальго);

  1. ​№221/222 «Алматы-Достық»(стандартты);
  2. ​№457/458 «Семей-Достық»(стандартты);
  3. ​№459/460 «Өскемен-Достық» (стандартты);

7.​№21/6942/6941/22 «Алматы-Достық» (тіркеме вагон);

8.​№21/6942/6941/22 «Қызылорда-Достық» (тіркеме вагон);

Дереккөз: Көлік министрлігі 

Так же вам может быть интересно