Жасанды интеллект адамның атын фото арқылы анықтауды үйренді
Робот адамның есімін 80% дәлдікпен анықтайды.
Технологияны Mitre Corp деген зерттеу орталығы ойлап тапты. Оның мамандары Иерусалимдегі Еврей университетінің жүргізген зерттеулеріне жүгінген. Оның ғалымдары жасанды интеллектке есімі жазылған 13 мың адамның суретін көрсеткен. Содан кейін роботқа адамның фотосын ұсынып, екі есімнің бірін таңдауға мүмкіндік берген. Нәтижесінде робот адамның есімін 80% дәлдікпен анықтаған. Технология сонымен қатар, керісінше есімге сәйкес келетін адам бейнесін салып береді.