Жарты фунтқа сатып алынған «Гарри Поттер» 30 мың есе қымбат бағаға сатылды

🌐 В мире
11.03.2022
Просмотров: 146

Тозығы жеткен кітап 1997 жылы Ұлыбританияда басылып шыққан.

Кезінде оның иесі кітапты небәрі жарты фунтқа сатып алған (342 теңге), ал енді ол аукционда 15, 5 мың фунтқа сатылып кетті. «Гарри Поттер мен пәлсапа тасы» кітабы алғашқы басылымда тек 500 данамен шыққан.  Сондықтан бұл кітаптар аса құнды болып саналады. Еске салайық, бұдан бұрын алғашқы басылып шыққан «Гарри Поттер» кітаптарының бірі 69 мың фунтқа сатылған болатын.

Дереккөз: BBC 

Так же вам может быть интересно