Жапониялық сәулетшілер $150 мың тұратын итке арналған шағын сарай салды

⌚ Lifestyle
21.06.2022
Просмотров: 105

Ерекше жобаны тарихи және мәдени маңызы зор ғимараттарды жөндейтін, сейсмикалық күшейтумен айналысатын мамандар жүзеге асырды.

Ерекше ит күркесі кипарис ағашынан тұрғызылған. Ұсталар бар шеберін салып, нағыз миниатюралық сарай жасап шығарды. Сәулетшілер тапсырыстарды қыркүйектен бастап қабылдайды. Айта кетсек, бұл әлемдегі ең қымбат ит күркесі емес. 5 жыл бұрын британиялық компания құны 200 мың долларлық ит күркесін шығарған еді.

2017 жылы британиялық шеберлер итке арналған нағыз сарай тұрғызды.

 

Дереккөз: Oddity Central 

Метки: Жапония Ит

Так же вам может быть интересно