Жапонияда жылдамдығы 100 шақырымға жететін ұшатын байк шығарылды
Ұшатын байкты ойлап тапқан A.L.I. Technologies атты стартап. Салмағы 300 келіге жететін аппарат ауада 40 минут ұша алады.
Байк іштен жанатын қозғалтқыш арқылы жүреді және екі үлкен пропеллермен жабдықталған. Байктың электрлік нұсқасы ауада 20 минут ұшады. Xturisma атты байктың бағасы алдын ала тапсырыс бойынша $682 мың. Ол сатылымға келесі жылдың басында шығады.
Дереккөз: Nikkei Asia