Жапонияда жүргізуші шаршап, күйзелісте болғанын анықтайтын автомобиль көрсетілді
Infiniti QX90 2028 концепт-кар жүргізу режимінен демалу режиміне оңай ауысады.
Дизайн жағынан көлік Tesla Cybertruck-қа қатты ұқсайды. Бірақ оның бірқатар айырмашылығы бар. Мысалы, онда орнатылған жасанды интеллект жүргізушінің көңіл-күйін сараптамадан өткізеді. Адам шаршаған жағдайда салонда босаңсуға көмектесетін атмосфера жасалып, автопилот қосылады. Сонымен қатар, машина өзі бос тұрған көлік тұрағын табады. Концепт-кардың қашан шығатыны әзірге белгісіз.
Дереккөз: Thehackposts.com