Жапонияда ағаш жапырағында жазылған хат алмасу сәнге айналды
VIII-IX ғасырларда кеңінен таралған дәстүрді Токиодағы Кэйо университетінің студенттері жандандырды.
Бұрыңғы заманда жергілікті тұрғындар тараю деп атайтын ағаш жапырақтарын ашық хат ретінде қолданылған. Өйткені олар қатты болып келеді, және онда әріптерді инемен ойып жазу ыңғайлы. Қазір хат жазушылар жапырақты қатайту үшін микротолқынды пеште 10 секунд ұстайды. Ең соңында жапыраққа марка жабыстырып адресатқа жібереді. Осылайша Токио студенттері Осакаға 50-ден астам хат жіберіп үлгерді.
Дереккөз: РБК