Жапонияда адам тәрізді роботқа көлік жүргізуді үйретті
Автономды жүргізу дегенде әдетте өзін-өзі басқаратын көліктер еске келеді, бірақ адам тәрізді робот жүргізушілерін пайдаланудың бірқатар артықшылықтары бар.
Мысалы, көлік жүргізумен қатар гуманоид ауыр заттарды көтеріп, үй жұмыстарын орындап, қарттарға көмекші бола алады. Жапондық инженерлер Musashi роботына шағын бір орынды Toyota COMS көлігін басқаруды үйретті. Робот жүргізуші орындығына отырып рөльді екі қолымен айналдырып, газ бен тежегіш педальдарын басуды үйренді, Сондай-ақ, робот бағдаршамға және басқа да көліктерге дер кезінде көңіл аударады.
Дереккөз: nplus1