Жапонияда 15 шие $4 мыңға сатылды
Aomori Heartbeat атты эксклизивті сұрып диаметрі 2,5 сантиметрге дейін жететін ірі жидектерімен, қып-қызыл түсімен, жылтыр қабықшасымен және қышқылтым дәмімен ерекшеленеді.
Бір шиенің құны $300. Жалпы аукционда 15 шиеден салынған 11 қорап сатылды. Жапонияда эксклюзивті жидектерді іскерлік серіктестерге сыйға тарту дәстүрі қалыптасқан. Екі жыл бұрын Токиода 20 келі мандарин рекордтық 10 мың долларға сатылды.
Дереккөз: Asahi Shimbun