Жапония цифрлық көшпенділер үшін жаңа виза енгізбек

🌐 В мире
02.02.2024
Просмотров: 170

Жаңа жүйеге сәйкес қашықтан жұмыс істейтін шетелдік таланттар Жапонияда алты айға дейін тұра алады. Бұл мерзім қысқа мерзімді туристік визаға рұқсат етілген 90 күннен едәуір ұзағырақ.

Виза алу үшін жұмысшылардың жылдық табысы 10 млн иеннен ($68 мың) асуы керек. Сондай-ақ, Жапониямен салықтық қарым-қатынасы бар 49 ел мен аймақтың бірінің резиденті болуы тиіс. Олардың жұбайы/зайыбы мен балаларына да елге кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Қазақпарат. Ресми деректер бойынша,  әлемде 35 миллионнан астам адам цифрлық көшпенділер ретінде жұмыс істеп жүр.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно