Жанкүйер бір минутта Weeknd-тің 31 әнін дәл атап, Гиннесс рекордшысы атанды
21 жастағы АҚШ тұрғыны Карла O’Брайен сүйікті орындаушысының әндерін бірінші секундынан бастап таниды.
Weeknd-тің әндерін тыңдау ол үшін тісін тазалағандай күнделікті әдетке айналған. Карла канадалық орындаушыны машинада, спорт залда, үйінде демалып жатқанда да тыңдайды. Тіпті, қыздың айтуынша, Weeknd-ті спорт залда тыңдағанның аоқасында ол 30 келіге арықтаған. Еске салсақ, бұған дейін Пәкістан тұрғыны 1 минутта Тейлор Свифттің 34 әнін дұрыс атап, Гиннесс рекордшысы атанды.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы