Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі
Орта салмақтағы боксшы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін таласады.
Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.
«Тікелей эфир. 22 мамыр. «Хабар» телеарнасы»,
— деп жазды спортшы Инстаграм парқшасында. Айта кетсек, бұған дейін абсолютті чемпион Сауль Канело Альвареске Әлімханұлымен жекпе-жек ұсынылған болатын.