Жаңа жылдық ғажайыптар басталып кетті: Құпия Санта Жапония тұрғындарына ақша таратып жүр

⌚ Lifestyle
24.12.2021
Просмотров: 102

Оқиға Осака қаласының көшелерінің бірінде орын алды. Оның тұрғындары біраз уақыттан бері пошталық жәшіктерінен ақша салынған конверт алып жүр.

Әр адам әр түрлі сома алды: ең көбі – 13 мың йена, шамамен 50 мың теңге. Полицияға жүгінген тұрғындарға тәртіп сақшылары ақшаны жұмсай беруге болады деген. Ақшаның кімнің және неге дәл осы көше тұрғындарына таратып жүргені белгісіз. Кейбіреулері блогер видео түсіріп танымал болғысы келіп жүрген шығар десе, басқалары бұл Құпия Сантаның ісі деп отыр.

Дереккөз: Sora News24

Так же вам может быть интересно