Жаңа чат-бот алғашқы кездесуде сөзге шешен сұхбаттас болып көрінуге көмектеседі
RizzGPT (rizz -романтикалық қызығушылық дегенді білдіреді) ақылды көзілдірігі әңімені тыңдап, пайдаланушыға ең тиімді жауаптарды білдіртпей айтып отырады. Жасанды интеллект тапсырманы бірнеше секунд ішінде орындайды.
Алғашқы кездесуде немесе жұмыс сұхбаты кезінде қобалжудан не айтарын білмей қалған сәттер екінің біріне таныс жағдай. Бұл мәселені Стэнфорд университетінің студенттері шешті. Көзілдірікте орнатылған микрофон әңгімені Bluetooth арқылы телефонға жібереді, ал Whisper дыбысты текст форматына аударады. Содан кейін әңгіме мәтінін ChatGPT өңдеп, ең тиімді жауапты бірден көзілдірікке жібереді. Аталған процесс небәрі бірнеше секундты қажет етеді. Сұрақ қойған адам мұны байқамайды.
Twitter-де жария болған видеода Стэнфорд университетінің оқытушысы Аликс Цуй студентіне: «Сәлем, Варун, сен React Native оқытушысы жұмысын іздеп жүрсің деп естідім», — деп әңгімені бастайды. RizzGPT көзілдірігін киіп алған Варун бірнеше секундтан кейін: «Қызығушылығыңыз үшін рақмет. Мен бірнеше айдан бері React Native-ті зерттеп келдім және менде осы жұмысқа лайықты білімім мен тәжірибем бар екеніне сенімдімін», — деп жауап берді.
Дереккөз: Daily Mail
Видео: Twitter/@bryanhpchiang