Жаңазеландиялық ерлі-зайыпты рекордты үлкен картоп өсіріп, оған ат қойды
Колин мен Донна Крейг-Браун жаздың соңында алып картопты қазып алғанда таңғалған. Себебі оның салмағы 7,9 келі, шамамен кішкентай итпен бірдей болып шықты.
Сырт пішіні келбетсіз болғанымен ерлі-зайыпты оны өзімен бірге серуенге алады, тіпты картопқа Даг деген есім беріп, бас киім сыйлаған. Айта кетейік, қазір Гиннесс рекордтар кітабына кірген картоптың салмағы 5 келі, сондықтан Даг жақын арада ресми түрде ең үлкен картоп атануы мүмкін.
Дереккөз: NPR