Жалға алынған пәтердің жарты сомасын мемлекет төлейді: кімдер өтініш бере алатыны белгілі болды
1-ші және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балалар және көпбалалы аналар.
мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көп балалы отбасылар.
Бағдарламаға отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс 36 мың теңгеден аспайтын отбасылар өтініш бере алады. Үйдің ауданы қандай болатыны да белгіленген: мысалы, саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін – 40 шаршы метрден артық емес, ал 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін – 80 шаршы метрден артық болмауы тиіс. Бағдарлама мамырда іске қосылады. Тұрғын үй бағасының 50%-ы бюджет қаражаты есебінен төленеді, қалған жартысы төлем алушы өз есебінен төлейді.
Дереккөз: Спутник