Зейнеткерге 1,5 млн теңгені қайтарып берген алматылық полицияның алғысын алды
23 жастағы Әлімнұр Бекарысқа құқық қорғау органдарынан алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.
Алматы полиция Департаментінің басшылығы:
«Осындай жауапты жігіттер көбірек болса, ел болашағы үшін алаңдамауға болады»,
— деп Әлімнұрға алғысын білдірді. Еске салайық, алматылық такси жүргізушісі екі қарт кісіні үйіне апарып салған. Кейін, жолаушылар машинада қомақты ақша салынған сөмені қалдырып кеткенін көрген. Жігіт ақша иесін екі аптадай іздеп, ақыры тауып, ақшасын қайтарып берген.
Дереккөз: Polisia.kz