Зейнет жасына жақындаған қазақстандықтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

🇰🇿 Новости Казахстана
14.02.2022
Просмотров: 74

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Күміс жас» арнайы жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Жыл сайын жоба 5 мың адамды қамтиды деп күтілуде. Олардың жалақысының 50 пайызы бюджет қаражатынан төленеді, бірақ субсидияның жалпы сомасы 91 мың теңгеден аспайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 1 жыл. Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жас алдындағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

Метки: Зейнет

Так же вам может быть интересно