Зарина Дияс Түркиядағы жеңісінен кейін бірден 109 орынға жоғары көтерілді
Кайсери турнирінің чемпионы атанған Зарина 488-ші орыннан 379-орынға орнықты.
Өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткіші (31 орынға) әлі алыс болғанымен, қазақстандық теннисші рейтингіде көтеріліп келеді, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Бұл жеңіс мен үшін маңызды. Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралып, алғашқы жеңісіме қол жеткіздім. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге рахмет»,
— деп жазды Зарина Дияс Инстаграм парақшасында. Айта кетсек, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-орында қалса, Юлия Путинцева 32-ден 29-ға ауысып, қайтадан ТОП-30-ға кірді.
Фото: Instagram/@zarinadiyas