Юрий Дудь Қазақстанда жаңа сұхбат түсірді

📺 Шоу-бизнес
14.09.2021
Просмотров: 192

Бұл жолы танымал журналист ресейлік видеоблогер Руслан Усачевпен кездесті. Кездесу Ақтауда өтті.

Усачев енді ай сайын әртүрлі елде тұрақтайды. Қазақстан — блогер тұрып үлгерген екінші ел. Ол бізге Черногориядан келген. «ВДудь» бағдарламасының түсірілімі Каспий теңізінің жағасында, Бозжыра шатқалында өтті. Айта кетейік, Руслан Усачев — ресейлік видеоблогер, саяхатшы, «Пора валить!» тревел-шоуының жүргізушісі. Усачевтің YouTube-тегі арнасында 2,5 миллионнан астам жазылушысы бар. Еске салайық, мамыр айында Юрий Дудь Алматыға келіп, қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобынан сұхбат алды.

Так же вам может быть интересно