YouTube комментарийлерді лездік аудару функциясын тестілеп жатыр
Енді комментарийлердің астында «Аудару» батырмасы пайда болады.
Аудармадан түпнұсқаға қайта оралуға болады. Бұл функция тек Premium, яғни ақылы жазылушылар үшін қолжетімді. Тестілеу 9 қыркүйекке дейін жалғасады, содан кейін толығымен іске қосылуы мүмкін. Айта кетейік, Google YouTube-тегі ақылы Premium-жазылудың арзан нұсқасын шығармақшы. Онда видеоларды жарнмасыз қарауға болады. Еске салайық, Premium-нұсқада сонымен қатар видеоны интернетсіз жүктеуге мүмкіндік бар.
Дереккөз: 9to5google