Үндістанда күйеу жігіті тойға кешігіп келген қалыңдық басқа адамға тұрмысқа шықты

🌎 Жизнь
04.05.2022
Просмотров: 181

Ғибадатханадағы некелесу рәсімі сағат 16:00-ге белгіленген. Алайда салтанатты шараның басты кейіпкері — күйеу жігіт белгіленген уақытта келмеген.

Ер адам тойға кешкі 8-ге қарай масайған күйде келген. Оған қоса, кешірім сұраудың орнына достарымен бірге төбелес шығарған. Қалыңдықтың әкесі бұған төзе алмай, қызын оған тұрмысқа беруден бас тартқан. Алайда қонақтар жиналып қойды, сондықтан тойдың шырқын бұзбау үшін ер адам жиналған туыстарының арасынан жаңа күйеу жігіт таңдап алды. Ақыры үйлену тойы өтіп, барлығы разы болды.

Дереккөз: India Today 

Так же вам может быть интересно