WWW интернет коды Sotheby’s аукционында $5,5 млн сатылды

🔬 Наука и технологии
01.07.2021
Просмотров: 117
www тим бернерс ли

Кодты ойлап шығарған Тим Бернерс-Ли оны NFT-форматында сатылымға қойған еді. Файл WWW кодының 10 мыңға жуық жазба жолынан тұрады. Сонымен қатар, 30 минуттық анимациялық визуализацияда кодтың шығару процессі көрсетілген.

Аукцион 23 маусымнан 30 маусымға дейін жалғасты. Лоттың бастапқы бағасы 1 мың доллардан басталды. Ал сатылымның соңына дейін 1,5 сағат қалғанда оның құны бірден $1 млн көтерілді. Айта кетейік, Тим Бернерс-Ли WWW кодын 1989 жылы ойлап шығарды. Бұл кісінің арқасында бүкіл әлем интернетпен байланыстырылды.

Дереккөз: VC.ru

Так же вам может быть интересно