Victoria’s secret моделімен кездесіп жүрмін деп ойлаған: Италиялық волейболшының қалтасы 600 мың еуроға қағылды

⚽ Спорт
30.11.2021
Просмотров: 212

Италия волейбол құрамасының бұрыңғы ойыншысы Роберто Каццанига 15 жыл бойы өзін Алессандра Амбросионың фотосын жіберген қызбен виртуалды сөйлесіп келген. Осы уақыт ішінде қазір 42 жастағы Роберто модельмен бір рет те кездеспеген.

Өзін Майя деп таныстырған жалған модель көрсетілім болады, басқа елдемін деп, неше түрлі сылтау ойлап тапқан. Ал жігіт оған қарамастан виртуалды сүйіктісіне қымбат сыйлықтар, оның ішінде көлік тарту еткен. Нәтижесінде ақшасыз қалып, полицияға жүгінуге мәжбүр болды. Алаяқтыққа барған екі баласы бар Валерия Сатта есімді Сардиния тұрғыны болып шықты.

Дереккөз: Mirror 

 

Так же вам может быть интересно