Ұялы телефонның пайда болғанына 49 жыл толды

📱 Гаджеты
04.04.2022
Просмотров: 154

3 сәуірде әлемде ұялы телефонның туған күні атап өтіледі.

1973 жылы дәл осы күні Motorola компаниясының инженері Мартин Купер бәсекелес компанияның қызметкеріне әлемде алғаш рет мобильді телефоннан хабарласты. Ол кезде гаджеттің салмағы бір келіге жақын, ұзындығы 22 сантиметр болды, ал оны зарядтау үшін 10 сағат қажет болатын. Аккумулятордың жұмысы тек жарты сағатқа жететін.  Бағасы болса, 3,5 мың долларды құрады.

Фото: 3dnews

Метки: Motorola

Так же вам может быть интересно