Ұялатын ештеңе жоқ: Жапонияда ер адамдарға декреттік демалыс алуды жеңілдетеді
Енді компания басшылығы жаңа қызметкерден оның жақын арада декреттік демалысқа шығуға ниеті бар ма, жоқ па деп сұрауы тиіс.
Сонымен қатар, бала туылған жағдайда қызметкердің кем дегенде бір ай демалыс алуын қадағалаулары қажет. Заңға жаңа өзгертулер келесі жылдан бастап енгізіледі. Айта кетейік, Жапонияда тек 7% ер адам декреттік демалысқа шығады. Ал қалғандары заңды құқығын талап етуден ұялады екен.
Дереккөз: ТАСС