Ұшақтарда иілгіш OLED-экранды электрондық журналдар пайда болады
Әлемдік әуе компаниялары дәстүрлі газет-журналдардан бас тартып жатыр. Баспа қымбатқа түседі, сонымен қатар, ескі журналдарды үнемі жаңасына ауыстырып тұру керек.
Сондықтан кейбір әуе компаниялары қағаз басылымдарды планшетке ауыстырып үлгерді. Ал Airbus әуе тасымалдаушысы жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қағаз журналы тәрізді бүгілетін экраны бар журналды ұсынды. Онда цифрландырылған газеттерді оқып қана қоймай, фильмдер мен телешоу қарап, музыка тыңдауға болады.
Дереккөз: Ридус