Ұлыбритания тұрғыны лотереядан рекордтық 100 млрд теңге ұтып алды

Бұл EuroMillions тарихындағы ең ірі ұтыс (184 млн фунт стерлинг).
Жолы болғыш Британия тұрғыны енді әнші Адельден де бай: орындаушының байлығы 92 млн фунт стерлингке (50 млрд теңге) бағаланады. Егер қаласа, миллионер оп-оңай Таиландта сатылымға қойылған Рангиай аралының иесі бола алады. Оның құны 70 млрд теңге. Еске салсақ, 2019 жылы рекордтық ұтыс 130 млн фунт стерлингті (90 млрд теңге) құрады.
Дереккөз: The Sun