Украиналықтар борщ құрметіне ескерткіш ашпақшы

🌐 В мире
14.09.2021
Просмотров: 184

Мұндай ерекше ұсынысты жергілікті аспаз Евгений Клопотенко ұсынған. Оның айтуынша, егер тағамның құрметіне Украина астанасында ескерткіш ашылса, бұл елдегі гастрономиялық туризмінің дамуына оң әсерін тигізеді.

Киев әкімінің орынбасары Владимир Бондаренко қала билігі аспаздың бұл идеясын қолдағанын айтты. Киев тұрғындары ескерткішті орнататын орынды өздері таңдай алады, кейінірек ең жақсы инсталляция идеясы бойынша ашық конкурс жарияланады. Бұдан бұрын Украина борщты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізуін ұсынған еді. Айта кетейік, жақында Беларусьта картоп құрметіне ескерткіш ашылды.

Дереккөз: РИА Новости 

Метки: Борщ Украина

Так же вам может быть интересно