Украиналық тележүргізуші ресми түрде қазақстандық миллионерге тұрмысқа шықты

«Танцы со звездами» бағдарламасының жүргізушісі Иванна Онуфрийчук пен кәсіпкер Алмаз 8 ай бұрын Мальдивте салтанатты той өткізген болатын. Бұл жолы жұп Киевте ресми түрде некеге тұрды.
Алмаз тойға Швейцариядан ұшып келді. Қалыңдық үшін дизайнерлер алты ай бойы үш үйлену көйлегін әзірлеген. Олар 4 келі таза хрусталь, гауһар тастармен қапталған 3000 циркон, және 1 келі інжумен безендірілген. Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер мен украиналық сұлу Испанияда танысты.



