Үйлену тойын өткізуге болады: Дубайда әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі ашылды

✈️ Путешествия
22.10.2021
Просмотров: 259

Әмірлік билігі аттракционның салтанатты ашылуын от шашумен дүркіретіп атап өтті. «Дубай көзі» деп аталатын туристік нысанның биіктігі 250 метрден асады. Оған бір мезетте 1750 адам отыра алады.

Кабиналардың бірі  бар ретінде жабдықталған, онда кешкі асқа тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, аттракционда конференция мен үйлену тойын жасауға болады.

Аттракционның бағасы 130 дирхамнан басталады (15 мың теңге). Ain Dubai Ұлыбритания астанасындағы әйгілі London Eye-дан екі есе биік. Онымен бір рет айналып шығу үшін 30 минуттан астам уақыт кетеді. Дубайдағы шолу дөңгелегі 360 градусқа панорамалы көрініс береді. Ain Dubai-ды салу үшін 11 мың тонна болат қажет болған. Бұл Эйфель мұнарасына кеткен материалдан екі есе көп. «Дубай көзі» «Экспо-2020» көрмесі аясында ашылды.

Дереккөз: Euronews 

Так же вам может быть интересно