UFC-да өнер көрсететін жалғыз қазақстандық спортшы рекордтық гонорар алды
Павлодар қаласының тумасы Мария Агапова «колумбиялық ханшайым» лақап атымен белгілі Сабина Мазоны жекпе-жектің 53-секундында нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.
Кепілдендірілген гонорар сомасы $20 мың құрады, тағы $20 мың жеңіс үшін берілді. Оған қоса, Агапова үздік өнер көрсеткені үшін $50 мың көлеміндегі бонус алады. Сонымен қатар, демеушілер спортшыға $4 мың табыстады. Осылайша толық гонорар $94 мың-ды құрады.
Дереккөз: Спутник
Фото: Instagram/UFC