Үш кездесуден кейін ұсыныс жасаған: Сабина Алтынбекова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

⚽ Спорт
08.12.2021
Просмотров: 233

Азияның ең сұлу волейболшыларының біріне болашақ жұбайы Саят Салман Инстаграмда сәлемдеспей бірден «Жігітің бар ма?» деп сұраған.

Әдетте бейтаныс адамдардың хаттарын оқымайтын Сабина бұл жолы жігітке жауап жазған. Спортшының айтуынша, бұл маусымды сәтті аяқтаған кез, шуақты Дубай, керемет көңіл күй болған еді. Сабина қалжындап, «сіз үйленгенсіз бе?», «Ажырасқансыз ба? Сотталғансыз ба?» деп сұрақтың астында қалдырған. Алғашқы кездесу жарты жылдан кейін өтті. Одан кейін тағы екі рет кездесіп, Саят Сабинаға сөз салған. Еске салайық, танымал волейболшы былтыр желтоқсанда продюсер Саят Салманға тұрмысқа шығып, биыл 5 қазанында ұлды болды.

Қазақстандық Mr & Mrs. Smith

Сабина Алтынбекова былтыр желтоқсанда продюсер Саят Салманға тұрмысқа шықты
5 қазанда танымал волейболшы ана атанды

Так же вам может быть интересно