Үндістанда шпионаж үшін тұтқындалған көгершін бостандыққа шықты

🌐 В мире
05.02.2024
Просмотров: 116

Мумбай маңындағы портта табылған құс сегіз ай бойы ветеринарлық клиникада болған.

Құстың күмән тудыруының себебі -табанында мыс және алюминийден жасалған екі сақина болған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көгершіннің қанаттарының ішкі жағында қытай тілінде жазылған жазуларды байқаған. Күдікті көгершін Қытай пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен ұсталып, ветеринарлық клиникаға жеткізілді. Тергеу нәтижесінде көгершін Тайваньның ашық суларында жарысып жүргені, бірақ бір сәтте ұшып кеткені анықталды.

Дереккөз:Ptinews

Фото: Unsplash

 

Так же вам может быть интересно