Үндістан тұрғыны кездесуге ата-анасымен келген қыздан қашып кетті
Закир Сиддики есімді жігіт желі қолданышуларына есте қаларлық кездесу туралы айтып берді. Ерекше хикая TikTok-та 20 млн қаралым жинады.
Мейрамханаға келген сәтте ол үстел басында қарт кісілердің отырғанын көрген. Қыздың ата-аналары «болашақ күйеу баламен» танысуға келіпті. Олар жігітті сұрақ астында қалдырды: жұмысы, жалақысы және болашаққа жоспарларын сұрап, нағыз тергеу жүргізді. Оған қоса, ресторанға ата-анасын шақырып, танысуды талап еткен. Ақыры жолы болмаған жігіттің қашып құтылудан басқа амалы қалмады.
Дереккөз: New York Post
Фото: Pixbay