Үнділік полицейлер жүргізушілерді көлік сигналымен жазалайды

Көліктің сигналын асыра пайдаланатын жүргізушілер бар екенін білеміз. Бұл әсіресе кептеліс кезінде тым көп шу шығарып, алаңдаушылық сезімін тудырады.
Онсыз да барлығы асығыс, оған қоса шу шығарғаннан кептеліс таралып кетпейді ғой! Үнділік Карнатака штатының жол полициясы мұндай адамдарды жазалаудың жолын тапты. Автокөлік жүргізушілерін ұзақ уақыт бойы көлік сигналының дыбысын тыңдауға мәжбүрлейді.
Дереккөз: Indian Express