«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің жұлдызы Маколей Калкин сүйіктісіне ұсыныс жасады

💎 Селебрити
28.01.2022
Просмотров: 238

41 жастағы актер 33 жастағы Бренда Сонгпен кездесіп жүргеніне төрт жыл болды. Олар 2017 жылы Таиландта танысты. Ал былтыр көктемде жұп ұлды болды.

Жақында папарацци Бренданың саусағынан жүзікті байқаған.   Айта кетейік, «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі арқылы танымал болған Калкин бірінші рет 17 жасында актриса Рэйчел Майнерге үйленді. Алайда көп ұзамай олар ажырасып кетті. Содан кейін Маколей Калкин ұзақ уақыт бойы актриса Мила Куниспен кездесіп жүрді. Енді ол өз бақытын тапқан сияқты.

Дереккөз: People 

Так же вам может быть интересно