Үй иесі астыңғы қабатта бұрыңғы қожайынның тұрып жатқанын жеті жылдан кейін бір-ақ білді

«Паразиты» фильміндегі сюжет өмірде орын алды. Қытайлық ер адам жылжымайтын мүлікті 2018 жылы 280 мың доглларға сатып алған. Жақында ол үйін жинастырып жатып баспалдақтың артында жасырын есікке тап болды.
Сөйтсе ол жертөлеге апаратын есік екен. Жер асты кеңістігі үлкен және толық жабдықталған болып шықты, онда желдету жүйесі, жарықтандыру және тіпті шағын бар да орналастырылған. Мұнда біреудің тұратыны анық көрініп тұрды. Ер адам бірден бұрынғы үй иесіне хабарласты. Оның жауабы Ли есімді адамды аң-таң етті. «Мен саған үйді саттым, бірақ жертөле бағаға қосылды деп кім айтты», — деп жауап берген. Жаңа үй иесі сотқа жүгінгеннен кейін ғана әлгі әйелді үйінен шығара алды.
Дереккөз: South China Morning Post
Фото: «Паразиты» фильмінен кадр