Түркияда шектеу шаралары жеңілдетілді — қазақстандықтар үшін чартерлік рейстер ашылады
Анталияға чартерлік рейстер 10 маусымнан бастап ашылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, екі түрік әуе компаниясы Қазақстанға жаңа рейстер ашпақ. Turkish Airlines 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағыты бойынша, және 23 мамырдан бастап Pegasus Airlines Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейсті орындауды қайта бастайды. Ал Fly Arystan лоукостері Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағытындағы алғашқы халықаралық рейске билет сатуды бастады. Айта кетейік, Түркияға кіру үшін қазақстандық паспорттың жарамдылық мерзімі кемінде 150 күн болуы керек.
Дереккөз: Sputnik