Түркістанның әкімі Илон Маскқа ұсыныс жасады
Рашид Аюпов америкалық миллиардерге Tesla зауытын Түркістанда салынуы тиіс екенін атап өтті.
«…Бізде Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Tesla үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік! Құрметпен қала әкімі Рашид Аюпов»,
— деп жазды әкім Twitter-де. Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Tesla Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне ресми түрде келетінін айтқан еді.