Түркістан әуежайында цифрлық жеке куәлікті қолдануға болады
Жеке деректерді растау үшін «e-Gov Mobile« қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет.
Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшар алдындағы тексеруден өтерде QR-коды бар смартфонның экранын көрсетуге болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларының әуежайларында пайда болды. Десе де, әзірге қызмет сынамалы түрде іске қлсылды. Сондықтан жеке куәліктің түпнұсқасын өзімен бірге алып жүру артық болмайды.
Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі