Туристер үшін ең арзан күншуақ елдер аталды

✈️ Путешествия
25.05.2022
Просмотров: 108

Зерттеушілер талдау жасау кезінде әлемнің әртүрлі демалыс орнында күннің тәулікте қанша сағат жарқырайтынын, сондай-ақ күншуақтың орташа құны ескерді.

Сонымен күн шуағы ең арзанға түсетін қала — Албания астанасы Тирана. Онда күн сәулесінің бір сағаттық құны – $6 құрады (шамамен 2,5 мың теңге). Тирана тұрғындары жылына орташа есеппен 3,5 мың сағат шуақты күн өткізеді. Бұл күніне шамамен 9,5 сағатты құрайды. Ал Денпасар  (Бали) тұрғындары жылына 3138 сағат күн сәулесіне бөленеді. Ал күннің құны онда $6,78 (2900 теңге) құрайды. Үшінші орында Йоханнесбург (Оңтүстік Африка Республикасы), онда күн сәулесінің бір сағаты $8 (3 400 теңге), ал шуақты күндер 3334 сағатқа жалғасады.

Дереккөз: Travel Daily Media 

Так же вам может быть интересно