Түркістан облысы бала туу бойынша көшбасшы екенін дәлелдеуде: Өңірде үшем мен алып сәби туылды

№2 перинаталдық орталығында 23 жастағы келіншек үш қыз баланы дүниеге әкелді.
Оларға Райана, Разия және Райхана есімдері берілді. Сонымен қатар, осы перинаталдық орталықта 30 жастағы өңір тұрғыны салмағы 6 келі қыз баланы дүниеге әкелді. Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты.

Дереккөз: Спутник